Майлы гепатоз. Симптомдары

Майлы гепатоздың ықтимал себептері Май дистрофиясының жіктелуі Майлы гепатоз. Симптомдары және диагностикалау Майлы гепатозды емдеу

Майлы гепатоз – бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) қарапайым майлардың артық жиналуымен шартталған созылмалы бауыр ауруы. Оның тағы бірнеше атауы бар: майлы дистрофия немесе инфильтрация, стеатоз, бауырды май басу1. Бұл бауырдың алкогольдік емес майлы ауруының бірінші сатысы, оны уақытында диагностикалап, емдегенде толықтай жазуға болады.

Майлы гепатоздың ықтимал себептері

Неліктен бауыр жасушаларына май жинала бастайды? Оның себебі айтарлықтай көп болуы мүмкін, солардың арасынан мамандар мыналарды атайды:

  • Семіздік, қандағы липидтердің жоғарылауы (гиперлипидемия). Зерттеулер көрсеткендей, артық салмақты адамдарда стеатоздың таралуы 19% және одан жоғары болуы мүмкін, ал қалыпты дене салмағымен бұл көрсеткіштер 3%-дан аспайды1. Ал дене салмағының индексі 35-40 және одан жоғары болған кезде пациенттердің 75%-ы бауырында өзгерістер байқалады2.
  • Қант диабеті, қалқанша безінің, бүйрек үсті безі патологиясы сияқты эндокриндік аурулар алмасу бұзылуына ықпал етеді.
  • Май алмасуының генетикалық тұрғыдан шартталған бұзылуы – дислипидемия.
  • Тамақпен келетін кейбір дәрумендер мен ақуыздардың тапшылығы, ферменттерді жеткіліксіз өндіру – майларды баяу кетіруге және ыдыратуға әкелетін факторлар. Нәтижесінде май тамшылары жасушаны біртіндеп созады, оның ішкі құрылымдарын бұзады және функциялардың қалыпты орындалуына кедергі келтіреді.
  • Қант диабеті, қалқанша безінің, бүйрек үсті безі патологиясы сияқты эндокриндік аурулар алмасу бұзылуына ықпал етеді.
  • Май бір уақытта көп мөлшерде қанға түсетін және бауыр оларды өңдеуге уақыты қалмайтын шамадан тыс диеталар, аштық.
  • Бауырға уытты әсер ететін кейбір дәрі-дәрмектерді (антибиотиктер, гормондар, цитостатиктер) ұзақ немесе жиі қабылдау.
  • Панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), спецификалық емес ойық жаралы колит және басқалары сияқты майлардың сіңіру бұзылуымен қатар жүретін асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары.

Емдеуден гөрі алдын-алу жеңілдірек. Дәрі туралы

Май дистрофиясының жіктелуі

Майлы гепатоз алкогольдік және алкогольдік емес, жіті және созылмалы деп бөлінеді.


Алкогольдік стеатоз маскүнемдікпен ауыратындардың 50-75%-нан анықталады2. Демек алкоголь – майлы гепатоздың ең маңызды әсер етуші факторы.


Бауырда қандай да бір мөлшердегі май тамшыларының басым болуына байланысты май дистрофиясы ұсақ тамшылы, үлкен тамшылы және аралас пішінді2 деп бөлінеді. Сонымен қатар, бұл жағдайдың 4 түрі немесе дәрежесі2 бөліп қаралады: бауыр жасушаларының жеке топтарындағы майдың ұсақ тамшыларынан бастап майлы жылауықтар пайда болатын айқын үлкен тамшылы май басуға дейін.

Майлы гепатоз. Симптомдары және диагностикалау

Әдетте ауру орта және егде жаста, яғни 45 жастан кейін анықталады, бұл ретте әйелдерде ерлерге қарағанда 2,7 есе жиі кездеседі.


Диагностиканың негізгі мәселесі – аурудың жасырын жүруінде болып отыр. Пайда болуы мүмкін белгілер ерекше емес, яғни оларға қарап майлы дистрофияны болжау қиын болады3.

Майлы гепатоз симптомдары4:

  • әдеттегі жүктемелерге, психика тұрақсыздығына қарамастан әлсіздікке, шаршауға жалпы шағым жасау;
  • асқазан-ішек жолдары патологиясының белгілері: іштегі және оң жақ қабырға астындағы ауырлық, әсіресе майлы тамақ пен алкогольді ішкеннен кейін жүрек айнуы;
  • іштің оң жақ жоғарғы бөлігінде жайсыздық пен ауырсыну сирек кездеседі.

Көптеген жағдайларда бауырдың майлы дистрофиясын тексеруге дәрігерге басқа ауруға байланысты жүгінген, бірақ бауырды май басуының даму тәуекелі факторы бар, не тексерген кезде бауырдың үлкеюі байқалған пациенттер жіберіледі.


Бауыр стеатозын диагностикалау үшін зертханалық және аспаптық зерттеу тағайындалады.


Неғұрлым көрнекі биохимиялық өзгерістер5:

  • бауыр ферменттері (трансаминаза) деңгейінің қалыптан көп дегенде 4 есе артуы, бұл ретте АЛТ (аланинаминотрансфераза) деңгейі АСТ (аспарагинаминотрансферазаға) қарағанда тез өседі;
  • сілтілік фосфатаза (СФ) деңгейінің жоғарылауы қалыптымен салыстырғанда екі есе ұлғаю шегінде болады;
  • билирубин концентрациясы әдетте қалыпты шектерде сақталады, сондықтан майлы гепатозға сарғаю тән емес.

Аспаптық әдістердің ішінде бауырды ультрадыбыстық зерттеу жиі қолданылады. Май жиналуын олардың бауырдағы мөлшері ағза салмағының 30%-ынан асқанда ультрадыбыстық зерттеу көмегімен анықтауға болады5. Әдістің сезімталдығы өте жоғары және 83% жетеді. Стеатоздың УДЗ-белгілері ағза тіндері құрылымының әркелкілігі, тамырлы кескіннің анық еместігі, сигналдың өшуі және эхогенділіктің жоғарылауы болып саналады. Соңғы құбылыс «жарқын бауыр» деген атаумен белгілі. Стеатоз магниттік-резонанстық томография жасағанда бұдан да анық көрінеді.


Микроскоп астында бауыр тінін талдау – биопсия 100% анық нәтиже береді. Алайда бұл қымбат тұратын әрі жағымсыз боп келетін рәсім, сондықтан мұны диагнозды басқа тәсілдермен растау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жүргізеді.


Сонымен қатар бауыр зақымдалуының вирустық, уытты, дәрілік сияқты басқа себептерін жоққа шығару үшін зерттеулер жүргізіледі.

Майлы гепатозды емдеу

Стеатозды емдеу және оның дамуының алдын алу үшін дәрісіз және дәрі-дәрмекпен емдеу әдістері қолданылады. Біріншісіне диета мен физикалық күш салу арқылы салмақты бақылау, сонымен қатар май мен көмірсулар алмасуын түзету жатады.


Маңызды тұс – гепатопротекторларды қабылдау. Бұл бауырды зақымданудан қорғайтын және оның құрылымы мен қызметін қалпына келтіруге көмектесетін дәрілер.


Препараттардың бұл тобына гепатоциттердің жасушалық жарғақшаларының негізгі элементтері болып табылатын эссенциалық фосфолипидтер жатады6.


Фосфолипидтер зақымдалған бауыр жасушаларының жарғақшасы ретінде түзілу және олардың қалыпты жұмысын қалпына келтіру қабілетіне ие. Сонымен қатар олар майлардың ыдырауы кезінде пайда болатын бос радикалдардың гепатоциттерді зақымдау қаупін азайтады және алмасу процестерін қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Әдебиет:
  1. М.Г.Шишкина, Н.М.Балабина. Факторы риска жирового гепатоза и его трансформация в фиброз. Сибирский медицинский журнал, №3, 2011, с.7-10.
  2. Л. Тулгаа, Б.Цэрэндаш, Л.П.Игнатьева. Жировой гепатоз – как один из актуальных вопросов гепатологии. Сибирский медицинский журнал, 2015, с.17-22.
  3. О.М.Антоненко. Лечение неалкогольной жировой болезни печени в амбулаторной практике. Медицинский совет, 2013, №1., с.38-44.
  4. Ю.М.Степанов. Стеатоз печени и стеатогепатит – неизбежность смешанного генеза. Гастроэнтерология, 2014, №4(54), с.136-143.
  5. Е.Н.Широкова. Самая частая патология печени в практике врача-интерниста. Consilium Medicum. Гастроэнтерология. (Прил.) 2013; 02: 20-23.
  6. Е.Б.Грищенко. Неалкогольная жировая болезнь печени – необходимость профилактики и терапии. Ремедиум, март, 2015, с.8-9.

MAT-KZ-2000189_V1.0_09_2020

Жировой гепатоз. Симптомы

Возможные причины жирового гепатоза? Классификации жировой дистрофии Жировой гепатоз. Симптомы и диагностика Лечение жирового гепатоза

Жировой гепатоз – это хроническое заболевание печени, которое обусловлено избыточным накоплением простых жиров в печеночных клетках (гепатоцитах). Он имеет еще несколько названий: жировая дистрофия или инфильтрация, стеатоз, ожирение печени1. Это первая стадия неалкогольной жировой болезни печени, которая при своевременной диагностике и лечении, полностью обратима.

Возможные причины жирового гепатоза

Почему в печеночных клетках начинает откладываться жир? Причин может быть достаточно много, среди которых специалисты называют следующие:

  • Ожирение, повышенный уровень липидов в крови (гиперлипидемия). Исследования показали, что у людей с избыточным весом распространенность стеатоза может составлять 19% и выше, в то время как при нормальной массе тела, эти показатели не выше 3%1. А при индексе массы тела 35-40 и выше, изменения в пчени обнаруживают у 75% пациентов2.
  • Эндокринные заболевания, такие как сахарный диабет, патология щитовидной железы, надпочечников способствуют обменным нарушениям.
  • Генетически обусловленные нарушения жирового обмена – дислипидемии.
  • Дефицит некоторых витаминов и белков, поступающих с пищей, недостаточная выработка ферментов – факторы, которые могут привести к замедленному удалению и расщеплению жиров. В результате жировые капли постепенно растягивают клетку, разрушают ее внутренние структуры и препятствуют нормальному выполнению функций.
  • Эндокринные заболевания, такие как сахарный диабет, патология щитовидной железы, надпочечников способствуют обменным нарушениям.
  • Экстремальные диеты, голодание, во время которых в кровь одновременно поступает большое количество жиров и печень не успевает их перерабатывать.
  • Длительный или частый прием некоторых медикаментозных препаратов (антибиотиков, гормонов, цитостатиков), которые оказывают токсическое действие на печень.
  • Хронические заболевания желудочно-кишечного тракта, которые сопровождаются нарушением всасывания жиров, такие как панкреатит (воспаление поджелудочной железы), неспецифический язвенный колит и другие.

Классификации жировой дистрофии

Жировой гепатоз делят на алкогольный и неалкогольный, а также на острый и хронический.
Алкогольный стеатоз выявляется у 50-75% больных алкоголизмом2. Таким образом, алкоголь – это один из самых значимых пусковых факторов жирового гепатоза.


В зависимости от преобладания в печени капель жира того или иного размера, различают мелкокапельную, крупнокапельную и смешанную формы2 жировой дистрофии. Кроме того, выделяют 4 формы или степени этого состояния2: от мелких капель жира в отдельных группах печеночных клеток до выраженного крупнокапельного ожирения с образованием жировых кист.

Легче предотвратить заболевание, чем лечить О препарате

Жировой гепатоз. Симптомы и диагностика

Обычно заболевание диагностируется в среднем и пожилом возрасте, то есть после 45 лет, при этом у женщин оно обнаруживается в 2,7 раз чаще, чем у мужчин.

Основная проблема диагностики заключается в том, что болезнь протекает скрыто. А симптомы, которые могут появиться, неспецифические, то есть заподозрить по ним именно жировую дистрофию сложно3.

Симптомы жирового гепатоза4:

  • общие жалобы на слабость, повышенная утомляемость, несмотря на привычные нагрузки, нестабильность психики;
  • признаки патологии желудочно-кишечного тракта: тяжесть в животе и правом подреберье, тошнота, особенно после приема жирной пищи и алкоголя;
  • реже встречаются дискомфорт и боль в правой верхней половине живота.

В большинстве случаев на обследование по поводу жировой дистрофии печени направляют пациентов, которые обратились к врачу из-за другого заболевания, но либо у них присутствуют факторы риска развития ожирения печени, либо при осмотре обнаруживается ее увеличение.


Для диагностики стеатоза печени назначаются лабораторные и инструментальные исследования.


Наиболее показательными биохимическими изменениями являются5:

  • повышение уровня печеночных ферментов (трансаминаз) не более, чем в 4 раза от нормы, причем уровень АЛТ (аланинаминотрансферазы) растет быстрее, чем АСТ (аспарагинаминотрансферазы);
  • повышение уровня щелочной фосфатазы (ЩФ) находится в пределах двукратного увеличения по сравнению с нормой;
  • концентрация билирубина обычно сохраняется в пределах нормы, поэтому желтуха для жирового гепатоза не характерна.

Из инструментальных методов чаще всего используют ультразвуковое исследование печени. Жировые скопления можно обнаружить с помощью УЗИ, когда содержание их в печени превышает 30% от массы органа5. Чувствительность метода довольно высока и достигает 83%. УЗИ-признаками стеатоза считаются неоднородность структуры тканей органа, нечеткость сосудистого рисунка, затухание сигнала и повышенная эхогенность. Последнее явление известно, как «яркая печень».


Еще более четко стеатоз визуализируется при магнитно-резонансной томографии.


100% достоверностью обладает биопсия – анализ печеночной ткани под микроскопом. Однако это дорогостоящая и не очень приятная процедура, поэтому проводят ее только в тех случаях, когда другими способами подтвердить диагноз невозможно.


Кроме того, проводятся исследования для исключения других причин поражения печени: вирусных, токсических, лекарственных.

Лечение жирового гепатоза

Для лечения стеатоза и предупреждения его прогрессирования используют немедикаментозные и медикаментозные методы. К первым относится контроль массы с помощью диеты и физических нагрузок, а также коррекция жирового и углеводного обмена.


Важный момент – прием гепатопротекторов. Это лекарственные средства, которые защищают печень от повреждений и помогают восстановить ее структуру и функции. К этой группе препаратов относятся и эссенциальные фософлипиды, которые являются основными элементами клеточных мембран гепатоцитов6.


Фосфолипиды обладают способностью встраиваться в мембраны поврежденных печеночных клеток и восстанавливать их нормальную работу. Кроме того, они снижают риск повреждения гепатоцитов свободными радикалами, которые образуются при распаде жиров, и способствуют нормализации обменных процессов.

Источники
  1. М.Г.Шишкина, Н.М.Балабина. Факторы риска жирового гепатоза и его трансформация в фиброз. Сибирский медицинский журнал, №3, 2011, с.7-10.
  2. Л. Тулгаа, Б.Цэрэндаш, Л.П.Игнатьева. Жировой гепатоз – как один из актуальных вопросов гепатологии. Сибирский медицинский журнал, 2015, с.17-22.
  3. О.М.Антоненко. Лечение неалкогольной жировой болезни печени в амбулаторной практике. Медицинский совет, 2013, №1., с.38-44.
  4. Ю.М.Степанов. Стеатоз печени и стеатогепатит – неизбежность смешанного генеза. Гастроэнтерология, 2014, №4(54), с.136-143.
  5. Е.Н.Широкова. Самая частая патология печени в практике врача-интерниста. Consilium Medicum. Гастроэнтерология. (Прил.) 2013; 02: 20-23.
  6. Е.Б.Грищенко. Неалкогольная жировая болезнь печени – необходимость профилактики и терапии. Ремедиум, март, 2015, с.8-9.

MAT-KZ-2000189_V1.0_09_2020