Бұл бетте осы веб-торапқа кіретін барлық Интернет пайдаланушыларына қолданылатын құқықтық ережелер жазылған. Осы веб-торапты қарап шыққан кезде сіз осы ережелерді қандай да бір ескертусіз сөзсіз орындауға міндеттісіз. Біз аталған ережелерді үнемі пайдаланып отыруды ұсынамыз, себебі олар мезгіл-мезгіл ешқандай ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
1. Санаткерлік меншік
Берілген сайт Санофи компаниялар тобына енетін (бұдан әрі-«Опелла Хэлскеа Қазақстан»), Қазақстан Республикасындағы «Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Өкілдігі демеушігімен жұмыс атқарады және оның меншігі болып табылады. https://www.pechen-kz.com/ (бұдан әрі «Сайт»)тың таралымы, дизайны, мазмұны және оның кез келген құрамдас бөлігі, оның ішінде презентациялар, бейнероликтер, суреттер, фотосуреттер және Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша авторлық құқықтың объектісі болып табылатын кез келген ақпарат,сонымен қатар тауар белгілері және Сайтта орналастырылған домендік атаулар, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарды қоса, зияткерлік меншікті қорғау туралы қолданылатын барлық заңмен қорғалған, және Санофи және/ немесе Санофи компаниялар тобының зияткерлік меншігі болып табылады, және олардың алдағы үшінші жақпен қолданысы тек Санофи рұқсатымен ғана жүзеге асырыла алады.
Осы веб-торапта жазылған ақпаратты санаткерлік меншік құқығы мен басқа да құқықтарды сақтай отырып, баспасөзде пайдаланған жағдайларды қоспағанда, оны Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының алдын ала жазбаша келісімінсіз кез келген тәсілдермен, түгелдей немесе ішінара көшіруге, көбейтуге, өзгертуге, жариялауға, шатастыру мақсатында пайдалануға, таратуға және табыстауға болмайды. Ақпараттың тек бір данасы ғана үй ішінде, коммерциялық емес мақсатта және жеке пайдалану үшін беріледі.
Веб-тораптың толық немесе ішінара мазмұнының барлық көшірмелерінде «COPYRIGHT © 2022 Sanofi БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН» деген мәтін орналастырылуға тиіс.
Веб-торапты жасау үшін пайдаланылатын немесе онда орналастырылған көрнекі материалдардың ресми пайдаланылуы қандай да бір түрде бұрмаланбауға, өзгертілмеуге немесе тиіссіз мақсаттарда пайдалануға арналмауға тиіс.
Санофи немесе оның еншілес компаниялары оның санаткерлік меншікке деген құқықтарын бұзған кез келген тұлғаға қарсы құқықтық әрекеттерді іске асыру құқығын өздерінде қалдырады.
2. Ақпараттың дереккөзі
Веб-торапта орналастырылған ақпарат, әсіресе қаржылық ақпарат (егер болса) инвестициялар тарту тәсілі ретінде қабылданбауға тиіс. Ақпарат қандай да бір үгіт немесе ресми ұсыныс ретінде түсінілмеуге тиіс, сондай-ақ егер онда Санофи компаниялар тобының акцияларына немесе кез келген басқа бағалы қағаздарына жазылу, сатып алу немесе олар бойынша мәміле жасау туралы ұсыныс болса, ол ақпарат деп санала алмайды. Опелла Хэлскеа Қазақстан веб-торапта орналастырылған қаржылық ақпараттың (егер қаржылық ақпарат орналастырылған болса) үнемі жаңартып отырылатынына сіздің назарыңызды аударады.
Кейбір жағдайларда веб-торапта орналастырылған белгілі бір білім саласына қатысты сарапшылардың пікірі веб-торапта немесе мерзімдік басылымдардың үзінді көшірмелерінде орналастырылуы мүмкін. Мұндай ақпарат тек тиісті сарапшылардың немесе мерзімдік баспасөздің пікірін ғана білдіреді, олардың пікірі Санофи Групп көзқарасымен әрдайым бірдей бола бермейді. Мұндай сарапшылар Санофи Групп компаниясының жұмыскерлері болып табылмайды және өзінің кәсіпқой пікірін білдіргені үшін Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясынан қандай да бір сыйақы алмайды. Опелла Хэлскеа Қазақстан осындай материалдарда берілген кез келген ақпараттың немесе пікірдің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік көтермейді. Сарапшының пікірі тек оның жеке көзқарасын білдіреді және ешқандай жағдайда да Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының пікірі немесе жауапкершілігі ретінде қарастырылмауға тиіс.
Сонымен қатар, веб-торапта адам денсаулығына, медициналық мәселелерге және адамның жекелеген ауруларын емдеудің түрлі тәсілдеріне қатысты қатысты жалпы ақпарат болуы мүмкін. Мұндай ақпарат тек ақпарат беру мақсаттарында беріледі және оны сіздің жеке дәрігеріңіздің немесе фармацевтің кеңесі ретінде қарастыруға болмайды. Мұнда берілген ақпаратты денсаулыққа қатысты мәселелерді диагностикалау үшін және бұрыннан бар ауруларды анықтау үшін пайдаланбау керек. Кез келген жағдайда сізге тікелей өзіңіздің жеке дәрігеріңізге қаралу немесе фармацевтен кеңес алу керек.
3. Басқа веб-тораптарға сілтемелер
Опелла Хэлскеа Қазақстан осы веб-торап арқылы сіз өтуіңіз мүмкін үшінші тараптың веб-торабының мазмұны үшін жауапкершілік көтермейді. Біздің Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясынан түгелдей тәуелсіз үшінші тараптың веб-торабының мазмұнын бақылайтын мүмкіндігіміз жоқ. Және де веб-тораптан үшінші тараптың веб-торабына сілтеме болуы Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының сол веб-тораптың мазмұнын немесе тіпті ақпараттың осындай мазмұн орналастырылған мақсаттарда пайдаланылуын қандай да бір дәрежеде құптайтынын білдірмейді.
Сонымен қатар, сіз веб-тораптың зарарлануын, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, «вирустардан», «Троя аттарынан» немесе басқа да зиянды бағдарламалардан зарарлануын болдырмау үшін барлық қажетті сақтақ шараларын қабылдауға міндеттісіз.
Сыртқы веб-тораптарда осы веб-торапқа бағыттайтын еренсілтемелер болуы мүмкін. Кез келген осындай еренсілтемені Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының алдын ала арнайы келісімінсіз орналастыруға болмайды. Кез келген жағдайда Опелла Хэлскеа Қазақстан осындай сыртқы веб-тораптарға кіру мүмкіндігінің болмағаны үшін жауапкершілік көтермейді және Опелла Хэлскеа Қазақстан осындай веб-тораптарда берілген мазмұнды, жарнаманы, өнімдерді немесе кез келген басқа материалдарды қарамайды, бақыламайды, бақылауды жүзеге асырмайды және олар үшін жауапкершілік көтермейді.
4. Нормативтік ақпарат және басқа ақпарат
Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының Сізге қатысты, сіз электрондық пошта арқылы хабарлаған жеке ақпаратты басқа тұлғаларға жария етуге құқығы жоқ. Аталған ақпарат тек бір мақсатта – сіздің сауалыңызға дұрыс әрі тиісті түрде жауап беру үшін ғана пайдаланылады.
Қазақстанның заңнамасына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы «Авторлық құқықтар және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес сіздің өзіңізге қатысты кез келген жеке деректерге қол жеткізуге, өзгертуге, түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқығыңыз бар, бұл үшін мына мекен-жайға сауал жіберсеңіз жеткілікті:
Пошталық мекен-жайы:
Қазақстан Республикасындағы «Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050013 (A15T6K6),
Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 187Б
Веб-торап сізден қандай да бір құпия ақпарат алу мақсатында құрылғаг жоқ. Сондықтан, жоғарыда аталған қиыс жағдайларды есепке ала отырып, ақпарат қандай пішінде болса да: құжат, дерекқор, сызбалық кескін, сұрақтар, идеялар, ұсыныстар, ескерімдер немесе басқа пішінде болсын, құпия ақпарат деп санала алмайды. Осыған байланысты осындай ақпараттың бізге берілу жайты бізге сіздің сауалыңызды өңдеу мақсатында пайдалануға, көшірмесін жасауға, таратуға, өзгертуге немесе табыстауға құқық береді.
5. Жауапкершілікті шектеу
Опелла Хэлскеа Қазақстан веб-торапта орналастырылған ақпараттың дәйектілігі мен жаңартылуын қамтамасыз ету қолда бар күшін салады, сондай-ақ оны кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз өзгерту құқығын өзінде сақтайтынына келісім береді. Алайда Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясы веб-тораптан алуға болатын ақпараттың дәйектілігіне, дәлдігіне, өзектілігі мен толықтығына толық кепілдік бере алмайды. Соның нәтижесінде, Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының қасақана кінәлі әрекеттерінің немесе асқан салақтығының нәтижесінде пайда болған тікелей нұқсан жағдайларын қоспағанда, компания төмендегілер үшін жауапкершілік көтере алмайды:
- Веб-торапта орналастырылған ақпаратқа қатысты қандай да бір қателік, дәйексіздік немесе олқылық;
- үшінші тараптың заңсыз араласуының нәтижесінде веб-торапта орналастырылған ақпараттың немесе материалдардың өзгеруінің салдарынан болған қандай да бір нұқсан;
- барынша жалпылама ұғымда, тіпті егер Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясы (i) веб-торапқа кірудің немесе кіру мүмкіндігін ала алмаудың, (ii) веб-торапты пайдаланудың, соның ішінде сіздің операциялық жүйеңізге немесе басқа бағдарламалық жасақтамаңызға зиян келтіруі мүмкін кез келген зақымның немесе вирустың және (немесе) (iii) Веб-торап арқылы тікелей немесе жанама түрде берілген кез келген ақпаратты табыстауға рұқсаттың нәтижесінде тікелей немесе жанама нұқсан келтірілуі мүмкін екенін білген болса да, осындай нұқсанның себебінен, шыққан жерінен немесе салдарынан тәуелсіз, осындай нұқсан үшін.
Веб-тораптағы және басқа веб-тораптардағы барлық ақпарат «қаз қалпында», тікелей білдірілген немесе топшыланатын кез келген кепілдіксіз беріледі. Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясы тауарларға қатысты және арнайы мақсаттарға сәйкес оны пайдалануға қатысы бар қандай да бір тура білдірілген немесе топшыланатын кепілдікті ұсынбайды.
Жоғары6. Веб-торапқа кіру мүмкіндігі
Сіз (i) веб-тораптың қандай да бір кемшіліксіз болмауы мүмкін емес екенін мойындайсыз, сондай-ақ Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының осындай кемшіліктер үшін жауапкершілік көтере алмайтынын, (ii) кемшіліктердің веб-тораптың жұмысының уақытша тоқтауына әкелуі мүмкін екенін және (iii) веб-тораптың жұмысына Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының бақылауынан тыс жағдайлар мен міндеттемелердің орындалуы, мысалы, Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясы мен сіздің араңыздағы, сондай-ақ Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясы мен басқа жүйелердің немесе желілердің арасындағы дерек алмасу немесе телекоммуникациялық байланыс қолайсыз әсер етуі мүмкін екенін мойындайсыз.
Санофи компаниясы және (немесе) оның жеткізушілері жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін және (немесе) жетілдіру және (немесе) өзгерту үшін кез келген уақытта бүкіл веб-тораптың немесе оның бір бөлігінің жұмысын үнемі немесе уақытша тоқтата алады. Санофи компаниясы веб-тораптың қандай да бір өзгерістері немесе жұмысының тоқтағаны немесе жұмысындағы іркіліс үшін жауапкершілік көтермейді.
Жоғары7. Өнімдер туралы ақпарат
Веб-торапта берілген ақпаратта Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының кейбір елдерде немесе аймақтарда ұсынылмайтын немесе сатылмайтын немесе басқа сауда белгісімен шығарылуы мүмкін және тиісті елдің ережелеріне сәйкес оларды пайдаланудың түрлі ережелері мен шарттарына бағынатын өнімдеріне, бағдарламаларына немесе көрсетілетін қызметтеріне тура немесе жанама сілтемелер болуы мүмкін. Мұндай сілтемелер Опелла Хэлскеа Қазақстан компаниясының осындай өнімдерді, бағдарламаларды немесе көрсетілетін қызметтерді сіздің елде сату туралы ниетін білдірмейді. Сіздің елдегі cанофи- тобының еншілес компаниясынан немесе cанофи- тобының коммерциялық серіктесінен сіздің аймақта/елде сатылатын өнімдерге, бағдарламаларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпаратты анықтап сұрап алыңыз.
Жоғары8. Құқықтық негіза
Веб-торап пен оның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Веб-торап пен оның мазмұнына қатысты кез келген сот процесі Қазақстан Республикасының сот органдарының заң хұкіміне жатады.
Жоғары9. Құқықтық ережелер
Веб-тораптың редакторы:
Қазақстан Республикасындағы «Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050013 (A15T6K6),
Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 187Б
Жариялау жөніндегі директор:
Қазақстан Республикасындағы «Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050013 (A15T6K6),
Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 187Б
Бас редактор:
Қазақстан Республикасындағы «Опелла Хэлскеа Интернэшнл САС» Өкілдігі
Қазақстан Республикасы, 050013 (A15T6K6),
Алматы қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 187Б
Сайттың орналасуы:
ACCENTURE
161 North Clark Street, Chicago, Illinois 60601, United States
Нидерландиядағы серверлардың орналасуының электронды мекенжайы:
https://azure.microsoft.com/en-gb/regions/